Сіздің қалаңыз Алматы?
Билет сатып алу
start-bg

Компания туралы

Әртүрлі аттракциондары, ойын алаңдары және мерекелік шараларға арналған залдары және балалар іс-әрекетті мейрамханалы саябақтар желісі

Бейнене көрген соң бірнеше минут ішінде сіз Аватария әлеміне еңіп кетесіз

Бірігей/Уникалды ойын-сауық саябағы

Ауданы 2500 шаршы метрден асатын әрбір саябақ 15 немесе одан да көп заманауи аттракциондармен және балаларға арналған алаңдармен жабдықталған

Шоу және анимация

Жарқын шоулар, қызықты ойындар, шеберлік сабақтары, флешмобтар және күнделікті анимация

Мерекелер және оқиғалар

Сіздің отбасыңызға арналған кез келген балалар мерекесі мен іс-шарасына арналған жеке және пакеттік бағдарламалар!

Компания туралы

Компания туралы

Avatariya – шытырман оқиға әлемі, ол балалар мен отбасылар үшін тоқтаусыз қозғалыс, шытырман оқиғаға құштарлық, қиялға батыру, қауіпсіз кеңістікте эмоцияларды бастан кешіру арқылы даму жолын көрсетеді.
Біз балалар мен ересектерге секіру, жүгіру, жорғалау және жаңа шыңдарды - сыртқы және ішкі әлемдерді бағындыру құқығын қайтарамыз.

AVATARIYA әлемінде бала нені дамытады

Әлеуметтену

Әлеуметтену

Біздің кеңістікте бала жаңа достар табады, ұжымдық ойындармен ойнайды, өзін-өзі таныстыру, қарым-қатынас және топта жұмыс істеу дағдыларын дамытады.

Реакция  жылдамдығын

Реакция жылдамдығын

Белсенді аттракциондар баланың ойлау жылдамдығын, тез шешім қабылдауын, икемділігін және тосын жағдайларға жауап беруге дайындығындығын дамытады.

Батылдықты

Батылдықты

Әр ойын-сауық саябағында біз тіпті ересектер үшін де сіздің тынысыңызды  кетіретін аттракциондарды ұсынамыз: сіз биікке экстремалды көтерілуіңіз немесе өте төмен  түсуіңіз керек. Сонымен қатар, бұлар толығымен қауіпсіз және ГОСТ стандарттарына сәйкес  жасалған. Бала өмірдің қиындықтарына мен мүмкіндіктеріне осылай дайындалады.

Құатты

Құатты

Әрбір аттракицон баланың әртүрлі бұлшықет топтарын, вестибулярлық аппараттын, төзімділікті дамиды. Бірнеше сағаттық ойында бала жинақталған физикалық заттарды және де эмоционалдық қуатты шашыратып қана қоймайды, сонымен бірге оның денесі  оңай және ынтамен жаттықтырады.

Артықшылықтар

Эмоционалдық

  • Жаааанды баурап алады! Әрбір ойын-сауық саябағында сертификатталған жабдықтар мен материалдарды пайдаланатын қауіпсіз экстремалды аттракциондар бар
  • Баланың көңілі телефоннан ауытқиды!
  • Жиналған физикалық энергияның шашырауы
  • Балаға еркіндік, достық, бәсекеге қабілеттілік, драйв, өзін сынау және өзіне сену мүмкіндігі

Рационалдық

  • Қолжетімді кіру, уақыт шектеуі жоқ
  • Бала әрбір өткен аттракцион үшін ұпай алады және бұларды саябақтан сыйлықтар мен бонустарға айналдыра/конвертацияландыра алады
  • Мереке кезінде балаға ғана емес, оның қонақтарына да қамқорлық жасаймыз (открыткалар, фотосуреттер)

Біздің ойын-сауық саябақтарымыз

АВАТАРИЯ - армандар орындалатын жер! Ультра заманауи ойын-сауық саябағы бүкіл отбасы үшін есігін айқара ашады. Біз сіздің балаңыздың қиялын баурап алатын таңғажайып ойын-сауықты ғана емес, сонымен қатар әртүрлі интерактивті бағдарламаларды ұсынамыз.

Алматы Зимний мир

Алматы Зимний мир

Алматы Самая вышка

Алматы Самая вышка

Алматы 1001 ночь

Алматы 1001 ночь

Алматы Волшебный лес

Алматы Волшебный лес

2019

Тараз Волшебный мир

Тараз Волшебный мир
Тараз Волшебный мир Тараз Волшебный мир
Біздің команда

Біздің команда

Біз чирлидермыз - балаларды қолдайтын, олардың мүмкіндіктерін ашуға шақыратын және әр адамның әлеуетіне сенетін мейірімді көмекшілерміз.

  • Біздің қонақтар
 Директор рестопарка Астана «Самая вышка»

Балалардың жан-жақты дамуы үшін тек зияткерлік білім, спортпен шұғылдану, ата-ананың қамқорлығы жеткіліксіз деп есептейміз.

Бос орындар

Бос орындар

Сіз Аватария әлемінің бір бөлігі болғыңыз келе ме және пікірлес адамдар командасымен армандарыңызды орындағыңыз келе ме? Біз адамдарды қуанта алатын кәсіби мамандарды іздейміз.

Арт-менеджер

Міндеттемелер:

  • Жаңа ойындарды, өнімдерді, бағдарламаларды, шоу бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
  • Аға аниматорлардың жұмысын қадағалау (сайтта, WhatsApp);
  • Аға аниматорлар мен аниматорларды уақтылы және жүйелі түрде оқыту;
  • Жаңа ойындарды, квесттерді, өнімдерді, бағдарламаларды, шоу бағдарламаларды енгізу;
  • Бір қаланың саябақтары арасында ресурстарды қайта тарату;
  • Костюмдерді түгендеу, ақауы бар актілерді жасау;
  • Анимациялық бағдарламаларға, шоуларға, реквизит-шеберлік-сабақтарына қажетті заттарды сатып алуды қамтамасыз ету;
  • Сценарий бойынша сахналау және саябақтағы ойын-сауық бағдарламалары мен мерекелік іс-шараларды жүргізу;
  • Парк қонақтарымен анимация мен шоуға қатысты жанжалды жағдайларды шешу (егер оны аға аниматор шеше алмаса);
  • Аниматорлар жұмысының Бухгалтерлік ведомості негізінде еңбекақы ведомості құрастыру;
  • Балалар ойын-сауық орталығының анимациялық бағдарламаларын және өткізілетін туған күн кештерін үйлестіру (жұмыс кестесі, бағдарлама, кесте негізінде бақылау);
  • Аниматорларды, басқа шоу қызметкерлерін іздеуге, таңдауға қатысу;
  • Парк концепциясына сәйкес корпоративтік мәдениетті трансляциялау;
  • Сеніп тапсырылған бөлімдердің қызметін жоспарлау, жоспарды Креативтік директормен келісу;
  • Жоспар, айлық жұмыс кестесі бойынша атқарылған жұмыстар бойынша есептерді дайындау;
  • Басшылықтың талабы бойынша есептердің басқа түрлерін орындау;
  • Аниматорлардың шығармашылық және профессионалдық өсуі үшін қажетті жағдайлар жасау;
  • Өз құзыреті шегінде басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындайды;
  • Басқарушылық қабілеті бар креативті кандидаттар үшін. Бұл лауазымда сіз іс-шараларға, саябақтағы туған күндерге, жаңа өнімдерді құруға және іске қосуға, екі ойын-сауық саябақтағы анимациялық топты басқаруға және көшбасшылық, мерекелерді басқаруға қатысасыз.

Талаптар

  • Құрылымдық ойлау, шығармашылық, басқару және ресурстарды басқару дағдылары.
  • Жаңа нәрселерге жеңіл тәсіл және ашықтық.
  • Жоғарғы білім.

Бренд-менеджер

Міндеттері:

  • Тиісті бөлімдермен тығыз ынтымақтастықта нақты маркетингтік жобалар үшін брендинг және түпкілікті коммуникациялар жасайды;
  • Сандық және әлеуметтік медиа интеграциясының дұрыс деңгейін қамтамасыз ету үшін тамаша жарнамалық жоспарды әзірлейді және жүзеге асырады;
  • Жоғары сапалы инсайдерлік ақпаратты жинау және жаңа тұтынушыларды одан әрі тарту үшін маркетингтік зерттеулер жүргізеді;
  • Бәсекелестік ортаның кесіндісі түрінде нарықтың шолуын қалыптастырады;
  • Маркетинг бойынша директорға жылдық бизнес-жоспарды әзірлеуде және жүзеге асыруда қолдау көрсетеді;
  • Келісілген бюджетті жоспарлайды және басқарады және бұны жұмыс тәртібінде ұстайды;
  • Өнімді шығаруды сәтті жүзеге асыру (жаңа қызмет-мейрамхана саябақтарын ашу, тұтынушылар  үшін арнайы бағдарламалар);
  • KPI және фото/бейне растауды көрсететін пост-есеп беру түріндегі іс-шаралардың тиімділігін бақылайды;
  • Болашақ іс-шараларға нақты ұсыныстар бере отырып, ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін жоспарларды дер кезінде түзетеді;
  • Келісімшарттар жасау, шоттарды төлеу, жабу құжаттары және т.б. түріндегі жедел құжат айналымын бақылайды.

Қасиеттер:

Айқын көшбасшылық қасиеттер, топтық жұмыс, аналитикалық дағдылар, ақпаратты құрылымдау мен ұйымдастыруға бейімділік, жауапкершілік, әдептілік, шығармашылық ойлау.

Талаптар:.

Жоғары білім, жұмыс өтілі 3 жылдан 5 жылға дейін.

Толық коммуникациялық циклді дамыта отырып, медиа-жоспарлау, жаңа өнімдерді шығару тәжірибесі. Әртүрлі аудиторияға арналған презентация дағдылары, алынған ақпаратты талдай білу, өз бетінше шешім қабылдау, ұқыптылық. Тиімді жоспарлау және тапсырмаларды бөлу дағдылары. Кез келген деңгейде жақсы келіссөздер жүргізу дағдылары, адамдармен байланыс таба білу.

Ойын-сауық саябағының кассирі

Міндеттері:

  • Күнделікті кассалық есептерді, бастапқы құжаттарды, ұпай балансын, ойын-сауық саябағының жалпы кіріс есебін дайындайды.
  • Қолма-қол ақшамен, несиелік және дисконттық карталармен жұмыс істейді.
  • Ойын-сауық саябағының меңгерушілеріне белгіленген тәртіппен қаражат аударуды жүзеге  асырады. Ойын-сауық саябағының жалпы шарттары туралы білімді болу.
  • Техникалық құралдарға толық материалдық жауаптылықта болады, бұларды ауысымның басында қол қоюға қабылдайды және ауысымның соңында жұмыс жағдайында тапсырады.
  • Сеніп тапсырылған қаражат үшін толық жеке қаржылық жауапкершілікте болады.Өзінің кесірінен рұқсат етілген чектің жойылуына, материалдық жауапкершілікте болады.
  • Қаражатты сақтау ережелерін сақтайды.
  • Қоғамның қаржылық ақпаратының конфиденциялдығын сақтайды.
  • Қолма-қол ақшаны инкассациялаудың барлық белгіленген ережелерін сақтайды.
  • Аты мен бағасы бойынша мейрамхана өнімдерінің ассортиментін біледі.
  • Чекті жабу кезінде қонақтардан алдын ала берген төлемді тексереді.

Талаптар:

  • Жоғары, орта-кәсіптік білім.
  • 1С кассасы, қоғамдық тамақтандыру.

Шарттары:

  • Ауысым кестесі 11.00-ден 23.00-ге дейін.
  • Мансап.

Филиалдың бухгалтері

«АВАТАРИЯ» мейрамхана ойын-сауық саябақ желісіне  (филиал) мейрамхана ойын-сауық саябақ бухгалтері қажет.

Мекенжайы: Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 90/21 – балалар ойын-сауық саябағы + «АВАТАРИЯ» отбасылық мейрамханасы.

Міндетері:

  • Бухгалтерлік есептің барлық салаларын толық басқару;
  • Бас кассаны есеп жүргізуу, кәсіпорынның барлық кассаларын бақылау және басқару, кассалық тәртіпті білу;
  • Есеп беретін тұлғалармен жұмыс, аванстық есептерді жабу;
  • Жеткізушілермен жұмыс, өткізуді бақылау, салыстыру, төлеу, дебиторлық және кредиторлық берешекті бақылау, Аяқтаны Туралы Электрондық Сертификаты, Электрондық Шот-фактураны;
  • Еңбекақыны және жұмыс үшін басқа да сыйақыларды, демалыс ақысын, ауруға байланысты демалысты, өтемқыларды және жалақыларды есептеу;
  • Салықтарды есептеу және төлеу;
  • Салық және статистикалық есептерді жасау және ұсыну;
  • Басқару есептерін дайындау;
  • Тауарлы-материалдық қорларды, негізгі құралдарды есепке алу, ай сайынғы есептен шығару1210, 1274, 3310, 1710, 3510, 1310, 1251, 3350 шоттарымен жұмыс жасау;
  • Ай сайын айлық есепті орындалып жабу.

Талаптар:

  • Бухгалтерлік есептің барлық салаларын білу;
  • Кассалық тәртіпті білу, кассалардың есебін жүргізе білу;
  • Есеп беретін тұлғалармен жұмыс істей білу, аванстық есептерді жабу;
  • Жеткізушілермен жұмыс жүргізу, дебиторлық және кредиторлық берешекті салыстыру, төлеу, бақылау жүргізу, Аяқтаны Туралы Электрондық Сертификаты, Электрондық Шот-фактураны;
  • Еңбекақыны және басқа да жалақыақыны, демалыс ақысын, сырқаттанушылық демалысын, өтемақыларды есептеу мен есептеуді білімді болу;
  • Салықтарды есептеу және төлеу;
  • Салық және статистикалық есептерді жасау және ұсыну;
  • Басқару есептерін дайындау;
  • Тауарлы-материалдық қорларды, негізгі құралдарды есепке алу, ай сайынғы есептен шығару;
  • Тауарлы-материалдық Қорлар, Негізгі Құралдар шоттарымен бойынша жұмыс жасау.

Бухгалтер-калькуляторшы

Балалар ойын-сауық саябақ желісіне және мейрамхана ойын-сауық саябақ «Аvatariya»-ға тәжірибелі бухгалтер-калькуляторшы қажет.

Міндеттері:

  • Бастапқы құжаттаманы өңдеу;
  • 1С қоғамдық тамақтандыру деректер базасында құжаттаманы уақтылы көрсету;
  • Жаңартылған есептік карталарды құрастыру және бұларды пайдаланғаннан кейін эксплуатация процессінде жүргізу;
  • Жоспарлы және жоспардан тыс инвентаризациялау, жергілікті және жалпы ревизиялар;
  • Шикізат пен сатылған өнімнің есепке алу;
  • Өнімдердің қанша кеткенін мен қалдықтарын бақылау;
  • Нені, қашан және қандай мөлшерде сатылғаны немесе алынғаны туралы тауарлық есептерді енгізу;
  • Кәсіпорынның барлық жетіспеушіліктерін мен қалдықтары туралы есеп беру және оларды дер кезінде жою.

Талаптар:

  • Бастапқы есеп құжаттарын орналастыра білу, АЙНАЛЫМ БАЛАНСЫН білу, технологиялық және калькуляциялық карталарды құру, қоймаларда инвентаризация жүргізу және талдау.

Сатып алу және логистика менеджері

Міндеттері:

  1. Сатып алуды жоспарлау және бюджеттеу.
  2. Тиісті тауарларды сатып алуды ұйымдастыру.
  3. Жабдықтаушылармен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты ұйымдастыру.
  4. Ықтимал альтернативтік жеткізушілерді қадағалау.
  5. Жеткізушілерден жеңілдіктер мен акциялар бойынша жағдайды бақылау.
  6. Сатып алынатын тауарлардың нарықтық үрдістерін қадағалау.
  7. Сатып алу жағдайына әсер етуі мүмкін экономикалық емес факторлардың мониторингі.
  8. Сатып алынатын тауарлардың мерзімі, саны және басқа параметрлері бойынша сату менеджерлерінің сұраныстарын орындау.
  9. Кәсіпорын қызметкерлерімен бірлесіп, тауарларды сатып алудың ұзақ мерзімді жоспарларын әзірлеу.
  10. Жабдықтаушылармен дауларды шешу, оның ішінде сапасыз тауарларды қайтару.
  11. Сатып алынған өнім үшін төлем бойынша жағдайды қадағалау.
  12. Жауапкершілік аймағыңыздағы құжаттаманы басқару.
  13. Тауарлардың уақтылы келуін, олардың жолда болуын, кеденнен өтуін және басқа жұмыс сәттерін бақылау.
  14. Импортталатын тауарларға тиісті құжаттарды алу үшін қадағалау органдарымен өзара іс-қимыл жасау.
  15. Сыртқы сауда операцияларының дұрыс жүргізілуін бақылау.
  16. Компанияның тиісті ережелерінде көрсетілген жағдайларда компания қызметкерлеріне шетелдік құжаттаманы аударып беру.
  17. Сатып алынған заттар бойынша есептер мен шолуларды дайындау үшін талдаушылармен өзара әрекеттесу.

Талаптар:

  1. Жоғарғы білім;
  2. Қытай, ағылшын, орыс, қазақ тілдеріндегі іскерлік лексиканың жоғары деңгейі маңызды, шетелдік контрагенттермен байланысу және олармен хат алмасу үшін жеткілікті;
  3. Профиль бойынша жұмыс тәжірибесі 1 жыл кемінде.
  4. Бейіндік заңнама және нормативтік құқықтық актілер;
  5. Сатып алу құжаттарын басқару;
  6. Іскерлік хат алмасу процесін басқару;
  7. Сатып алынатын тауарларға баға белгілеу ерекшеліктері;
  8. Сатып алынатын тауарлардың негізгі маркалары, олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтары;
  9. Сатып алынатын тауарлардың негізгі нарықтық үрдістерін бақылау.

Осы тізімнен армандаған жұмысыңызды таппадыңыз ба?

Бізге түйіндемеңізді жіберіңіз. Кез келген ұсынысыңызды қарастыруға дайынбыз. Батыл және батылдарға жол ашылады!

Реквизиттер

Әртүрлі және бай тәжірибе әлеуметтік-бағдарланған ұлттық жобаға бағыт алу маңызды даму міндеттерін орындауға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Реквизиттер

Товарищество с ограниченной ответсвенностью «MultiBrand Company»

Алматы, ул.Саина 5, офис 101

100012, Алматы, ул.Саина 5, офис 101

+ 7 778 870 17 03

info@avatariya.kz

Реквизиттер