start-bg

26 March 2025

DISNEYLAND SHANGHAI САЯХАТЫНА ҰТЫС ОЙЫНЫ!
DISNEYLAND SHANGHAI САЯХАТЫНА ҰТЫС ОЙЫНЫ!

Yш адамнан тұратын отбасыңызбен ұмытылмас саяхат ұтып алыңыз!

Ұтыс ойынының мерзімі: 21.03.2025 – 21.06.2025
Жеңімпаздарды анықтау: 28.06.2025

Қатысу шарттары:
- Паркті кемінде 3 рет әр түрлі күндері келіңіз.
- Кіру кезінде мобильді қосымша арқылы QR-кодты сканерлеңіз.
- Келген сайын жеңіске жету мүмкіндігі артады!

Жүлделер:
- Disneyland Shanghai-ға саяхат (3 адамға әуе билеттері, тұру, Disneylandөке кіру билеттері).
- 100 ерекше сыйлық, соның ішінде iPhone 16, PlayStation, iPad және басқа да бағалы жүлделер!

Армандарыңыздағы саяхатқа аттануға мүмкіндік жіберіп алмаңыз!


«ДИСНЕЙЛЕНД ШАНХАЙҒА САЯХАТ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ЖАРИЯ ОФЕРТА

1. Жалпы ережелер
1.1. Осы жария оферта (бұдан әрі – Оферта) «Диснейленд Шанхайға саяхат» акциясына (бұдан әрі – Акция) қатысу шарттарын және бас жүлдені табыстау тәртібін айқындайды.
1.2. Акцияға қатысу – Қатысушының осы Офертамен және Акцияны өткізу ережелерімен толық келісетінін білдіреді.
1.3. Осы Оферта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді және Акция аяқталғанша қолданылады.

2. Терминдер мен анықтамалар
Ұйымдастырушы – Акцияны өткізетін заңды тұлға.
Қатысушы – осы Офертаның талаптарына сай келетін жеке тұлға.
Жеңімпаз – жеңімпаз деп танылған Қатысушы.
Жақын туыстар – жұбайлар, ата-аналар, балалар, туған аға-інілер мен әпке-сіңлілер, әжелер, аталар және немерелер.
Аффилирленген тұлғалар – Ұйымдастырушымен бақылау, туыстық не еңбек қатынастары арқылы тікелей немесе жанама түрде байланысы бар тұлғалар.
Сыйлық – Диснейлендке саяхат, оның ішіне ұшып бару-келу, тұру, билеттер мен трансферлер кіреді.
Акция — Ұйымдастырушы өткізетін маркетингтік іс-шара.


3. Қатысу шарттары
3.1. Акцияға тек Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған, әрекетке қабілетті азаматтары қатыса алады.
3.2. Қатысуға жіберілмейді:
- Ұйымдастырушы мен аффилирленген тұлғалардың қызметкерлері;
– Олардың жақын туыстары;
– Заңды тұлғалар.
3.3. Қатысушы Акцияны өткізу және нәтижелерді жариялау мақсатында жеке деректерінің өңделуіне келісім береді.
3.4. Шарттарды бұзу, жалған ақпарат беру, алаяқтық жасауға әрекет ету – сыйлықты беруден бас тартуға негіз болады.

4. Сыйлықтың құрамы
4.1. Бас жүлдеге мыналар кіреді:
- Шанхайға және кері бағытта эконом-санатпен ұшу (3 адам);
- Кемінде 3★ қонақүйде 4 түн / 5 күн тұру;
- Диснейленд Шанхайға 1 күндік кіру билеттері (3 адамға);
- Трансферлер (әуежай – қонақүй – Диснейленд – әуежай);
- Медициналық сақтандыру;

4.2. Сыйлық құрамы ауыстырылмайды, оның ішінде ақшалай өтемақыға айырбасталмайды.

5. Саяхатты рәсімдеу
5.1. Жеңімпаз 5 жұмыс күні ішінде қатысатынын растап, келесі ақпаратты ұсынуы тиіс:
– Паспорт және байланыс деректері;
– Еріп баратын адамдардың деректері.
5.2. Жеңімпаз өз бетінше қамтамасыз етуге міндетті:
– Шетелдік паспорттың болуы;
– Виза алу (Ұйымдастырушының көмегімен);
– Деректерді ұсыну мерзімін кешіктірмеу
5.3. Саяхат 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүзеге асырылуы тиіс.

6. Тәртіп пен жауапкершілік
6.1. Жеңімпаз бен еріп жүретін тұлғалар сақтауы тиіс:
- ҚХР заңдары мен тәртіп ережелерін;
- Гид пен Ұйымдастырушы өкілдерінің нұсқауларын;
- Диснейленд аумағындағы қауіпсіздік талаптарын.
6.2. Тыйым салынады:
- Қоғамдық жерлерде алкоголь немесе есірткі заттарын қолдану;
- Виза режимін бұзу;
- Беделге нұқсан келтіретін әрекеттер жасау.
6.3. Қатысушы құжаттары мен жеке заттарына өзі жауапты.
6.4. Ұйымдастырушы келесілерге жауапты емес:
– Рейстің тоқтатылуы;
– Жүктің жоғалуы;
– Өзіне байланысты емес форс-мажорлар.

7. Форс-мажор және бас тарту
7.1. Қатысушы бас тартқан жағдайда – сыйлық жойылады.
7.2. Сыртқы себептер бойынша сапар тоқтатылса, Ұйымдастырушы құқылы:
– Саяхатты кейінге шегеруге;
– Баламалы ұсыныс жасауға;
– Сертификат беруге.
7.3. Сыйлық ақшалай өтемақы беруге жатпайды.

8. Қорытынды ережелер
8.1. Барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
8.2. Ұйымдастырушы ресми сайтта жариялай отырып, Офертаны біржақты тәртіппен өзгерте алады.



«100 СЫЙЛЫҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ЖАРИЯ ОФЕРТА

1. Жалпы ережелер
1.1. Осы жария оферта (бұдан әрі – Оферта) «100 керемет сыйлық» акциясына қатысушылардың сыйлық алу шарттарын реттейді.
1.2. Акцияға қатысу – осы Офертаның шарттарымен сөзсіз келісуді білдіреді.

2. Терминдер мен анықтамалар
Ұйымдастырушы – Акцияны өткізетін заңды тұлға.
Қатысушы – қатысу талаптарына сай келетін жеке тұлға.
Жеңімпаз – сыйлық алу құқына ие болған тұлға.
Сыйлық – 100 сыйлықтың біреуі.
Жақын туыстар – жұбайлар, ата-аналар, балалар, аға-інілер/әпке-сіңлілер, әжелер, аталар, немерелер.
Аффилирленген тұлғалар – Ұйымдастырушымен байланысы бар тұлғалар.

3. Қатысу шарттары
3.1. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған, әрекетке қабілетті азаматтары қатыса алады.
3.2. Қатысуға жіберілмейді:
     •    Ұйымдастырушының қызметкерлері;
     •    Олардың жақын туыстары;
     •    Аффилирленген тұлғалар;
     •    Заңды тұлғалар.
3.3. Бір қатысушы тек бір ғана сыйлық ала алады.

4. Сыйлықты алу
4.1. Сыйлықты алу үшін:
     • Жеке басты куәландыратын құжатты ұсыну қажет;
     • Қатысатынын растау керек;
     • Айтылған жерге белгіленген уақытта келу керек.
4.2. Ұйымдастырушы жеңімпазды ұтыс өткізілгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
4.3. Сыйлық 7 (жеті) жұмыс күні ішінде алынуы тиіс.
4.4. Келмеген жағдайда - сыйлық жойылады. Сыйлықты қайта беруге рұқсат етілмейді.

5. Өзге де шарттар
5.1. Сыйлықтар айырбасталмайды және ақшалай өтемақы берілмейді.
5.2. Барлық салықтар мен алымдар ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5.3. Ұйымдастырушы төмендегілер үшін жауап бермейді:
      •    Техникалық ақаулар;
      •    Байланыстағы ақаулар;
      •    Өзіне байланысты емес басқа да кедергілер.
5.4. Барлық даулар ҚР заңдарына сәйкес шешіледі.
5.5. Ұйымдастырушы жаңартылған нұсқасын сайтқа жариялау арқылы Офертаның шарттарын өзгертуге құқылы.